Суббота, 08.02.2025, 19:33
Приветствую Вас Гость | RSS

Welcome

Каталог статей

Главная » Статьи » Рефераты » Казахский язык

Банк менеджменті

Кіріспе

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.

Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.

Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.

Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

 

I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама.

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:

•   нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін
бағыттау;

•   мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;

•   өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;

үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы;

жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;

бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру;

мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;

әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы;

ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;

қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

"Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.

Адам — басты түлға.

Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады.

Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Категория: Казахский язык | Добавил: ДЕМОН (20.04.2013)
Просмотров: 954 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Наш опрос
Нужно ли нам ЕНТ?
Всего ответов: 14
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск