Воскресенье, 02.02.2025, 07:06
Приветствую Вас Гость | RSS

Welcome

Каталог статей

Главная » Статьи » Рефераты » Казахский язык

Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы

Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы

 

Қазіргі таңда бүкіл ғалам эволюциясының идеясы жаратылыстанушы ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай бірден пайда бола салған жоқ. Кезкелген ұлы ғылыми идея секілді, ол да ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті. Тіпті Ватиканның өзі эволюцияның жалпы бірдей сипатын мойындауға мәжбүр болды. Егер, New Catholіc Encyclopedіa атты шығармада "Жалпы эволюция - тіпті адам ағзасы эволюциясы да, пайда болудың шынайы ғылыми түсіндірмесі болуы тиіс” (1967 жыл, V том, 694 б.) деп көрсетілсе, 1982 жылы Ватиканның католик шіркеуінің Жоғарғы Ғылыми Кеңесі: "Біз толып жатқан дәлелдемелердің нәтижесінде эволюцияның концепциясын адамдар мен басқа приматтарға да қатысты қарастыруға болады деген сенімге келдік” деп бірауыздан жариялады. (D.M.Lovesteіn Twelve Wіse Man at the Vatіcan //Nature. 30.09. 1982. 395 б.)

 Бұл сілтемелер "Тіршілікол қалай пайда болды? Эволюция жолымен бе, жоқ құдіретті күштің қалауымен бе?” атты 1992 жылы 24 тілде 27 млн. даналық тиражбен Watchtower Bіble and Tracht Socіety of New York  Іnc. Іnternatіonal Bіble Students Assocіatіon. Brooklіn, New York, USA, баспасында жарық көрген кітаптан алынды.

Ғалам эволюциясы - физика ғылымының теориялық базисіне және көптеген астрофизикалық бақылауларға негізделіп дәлелденген ғылыми факт.

Ғалам эволюциясы жайлы қазіргі заман ғылымының негізін 1916 жылы салыстырмалылық теориясын ойлап тапқан Альберт Эйнштейн салып кеткен. Ол жұлдыздармен бірқалыпты толтырылған әлем үшін теңдеу құрып, кеңістіктің қисаюы ақырында өзіне өзі тірелетіндігін есептеп шығарды. Осындай "тұйықғаламның көлемі шектелген болып, оның шекаралары болған жоқ. Бірақ Эйнштейннің бұл теориясында бір кемшілік болды, яғни осы теория шынайы болған жағдайда жұлдыздар тартылыс күшінің әсерімен бір нүктеге жиналып қалуға тиіс болды. Сол себепті Эйнштейн ғаламды бірбіріне сығылуынан сақтайтын, әлдебір "антигравитациялықөрісті ойлап табуға мәжбүр болып, теңдеуін осы өріспен толықтырды.

Эйнштейн өзі ойлап тапқан теңдеуді тартылыс теориясының "шынайылылыққа сәйкес келетінжалғыз теңдеу деп қарастырды. Сол себепті Ресей математигі Александр Фридман 1922 – 1924 жылдары жарық көрген еңбектерінде бұл проблеманың жалғыз статикалық емес, сонымен қатар динамикалық та шешімдері бар екендігін дәлелдегенде Эйнштейн бұл көзқарасты жоққа шығаруға тырысып, теріс қабылдады. Кейінірек Фридманның түсінік берілген жеке хатынан кейін ол кешірім сұрап, Фридманның жұмысын "түсінік берушідеп те атады, бірақ одан арыға барған жоқ. Черновиктерінде Эйнштейін тіпті "бұл теорияның ешқандай да физикалық маңызы жоқдеп көрсетті. Осы оқиғадан кейін де Эйнштейін өзінің статикалық моделін қасарыса ұстанып келді. Ғаламның стационарлы еместігі жайлы теория тек 1929 жылы, яғни алдымен астроном В.М.Слайфер, ал одан кейін Э.Хаббл көптеген бақылаулардың нәтижесінде ғаламның кеңеюі фактісін анықтағанда ғана дәлелденді. Хаббл ғаламның кеңеюін дәлелдегенде ғана Эйнштейін өзінінің көзқарасының теріс екендігі мойындап "бұл менің өмірімдегі ең үлкен қателікдеп жариялады.

Полный текст здесь

Категория: Казахский язык | Добавил: ДЕМОН (20.04.2013)
Просмотров: 782 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Наш опрос
Нужно ли нам ЕНТ?
Всего ответов: 14
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск